Теректіде Тәуелсіздік күні қарсаңында аудан әкімінің жүлдесі үшін ардагерлер арасында волейболдан ашық турнир өтті.
Ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Ержан Досмақов қатысып, спортсүйер қауымды Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ шараның маңыздылығына тоқталып, қатысушы командаларға сәттілік тіледі.
Аудандық жарыста Ақжайық, Бәйтерек аудандарының және Орал қаласының командалары бақ сынады.
Тартысты өткен турнир барысында тамаша ойын көрсеткен оралдық «Намыс» бірінші орынды иеленіп жеңіске жетті. Екінші орынды теректіліктер еншіледі. Үшінші жүлдені оралдық «Динамо» қанжығасына байлады.
Айшабибі Мәмет
Теректі ауданы
zhaikpress.kz