Аудан орталығындағы Достық үйінде ардагерлер кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Жиын барысында Теректі ауданы әкімінің орынбасары Армат Байғазиев ардагерлер кеңесінің алар орны, жасаған жұмыстарын тілге тиек қылып, кеңес төрағасы ретінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына еңбегі сіңген Вячеслав Мукашевтің кандидатурасын ұсынды.
Бұл ұсынысты ардагерлер кеңесінің мүшелері қолдап, жаңа төрағаны лайық деп тапты.
Айта кету керек, Вячеслав Уфаұлы – Подстепный ауылында дүниеге келген. Жоғары білімді. Түрлі жылдары аудандық әкімшілікте ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, Теректі ауданы әкімі аппаратының басшысы, Федоров ауылдық округі әкімі, кәсіпкерлік бөлімінің басшысы секілді жауапты қызметтерді абыроймен атқарған. Зейнетке шықпастан бұрын «Nur Otan» партиясы Теректі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып қызмет атқарған. Теректі аудандық мәслихатының депутаты.
Осы кезге дейін ардагерлер кеңесінің төрағасы болған Базарбай Ерешев денсаулық жағдайына байланысты орнын босатты.
Әділет Орынбасаров
Теректі ауданы
zhaikpress.kz