24.06.2020, 10:30
Оқылды: 21

Теректіде бал өндіру қолға алынды

Омарташылықпен айналысып, ара бағу - кез келгеннің қолынан келетін шаруа емес. Покатилов ауылдық округіндегі Павел Конюхов есімді зейнеткер - бала күнінен бұл кәсіптің қыр-сырын меңгерген жан.

B8472D81-E68B-46C3-B726-39868514B31B

Аудан әкімі Әділ Жоламанов омарташының шаруашылығында болып, кәсіпкерге шағын өндірісінің ауқымын кеңейту туралы ұсыныс тастады. Облыс басшысының тапсырмасына орай, аталмыш шаруашылық түрін дамытып, жастар арасында насихаттағысы келетінін жеткізді.

Павел Николаевич өз кезегінде аудан басшысының қолдауына алғысын білдіріп, ниеттенген жанды ара бағудың қыр-сырына үйретуге дайын екенін айтты. Егістік аралап, көшіп-қонып жүретін бұл кісіде қазірдің өзінде 60 омарта бар екен. Әр омартада 60 мыңнан астам ара ұстайды. Әрқайсысынан 15-20 келі таза бал алуға болады екен.

Ауыл шаруашылығының бұл түрі соңғы жылдары кенжелеп қалғаны жасырын емес. Алайда айналысамын деген жанға мемлекет тарапынан демеу қаржы бөлініп, қолдау көрсетіледі.

Әділ Тауфиқұлы ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандарына омарташыларды заңды тұлға ретінде тіркеп, субсидиялау жолын қарауды тапсырды.

98F5A931-8C29-4AA7-B721-36E2A506C430

Аталмыш округте бал өндіруді дамыту - жаңалық ойлап табу емес, ескіні жаңғыртып, шағын кәсіпкерлікке жаңа серпін беру.

Омарташы мен егінші селбесіп тіршілік етсе, екі тарап үшін де тиімді. Себебі ара тозаңдандырған күнбағыс сынды дақылдар бірнеше есе көп өнім береді. Ал жақын жердегі егістік араларға шырын жинауға өте қолайлы.

  Әділет Орынбасарұлы

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале