15.04.2022, 13:30
Оқылды: 44

Теректіде «Балдәурен» байқауы өз мәресіне жетті

 Теректі аудандық мәдениет үйінде «Балдәурен» балалар шығармашылық фестивалі өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды «Балалар жылы» деп жариялағаны мәлім. Осы орайда ұйымдастырылған биылғы конкурс жылдағыдан ерекше.

IMG-20220414-WA0047

Өзгеше үлгіде безендірілген зал мен балалар сүйіп көретін мультфильм кейіпкерлерінің суреттері ерекше әсер қалдырды. Балалар шығармашылық үйі көрме дайындап, түрлі бұйымдарын таныстырды.

IMG-20220414-WA0051

Үлкен сахнаға сескенбей шыққан кішкентай Абылай Мұрат пен Анна Пивень кеш тізгінің қолға алды. Оларды Айбек Дәулетқалиев пен Виктория Шаяхметова демеп, фестиваль көркін кіргізді.

IMG-20220414-WA0040

 

Кештің шырайын келтірген  Микки Маус пен Мини Маус залдағы бүлдіршіндермен шыр айнала би биледі. Үлгілі «Жұлдыз» би ансамблі «Тарих рухы» биін ұсынды.

Аудан әкімінің орынбасары Ержан Досмақов барша қатысушыларға сәттілік тілеп, жылы лебізін білдірді.

IMG-20220414-WA0053

Қатысушылар халықтық музыка, аспапта ойнау, хореография, домбырада ән салу мен поэзия жанрында бақ сынасты.

Қазылар алқасының шешімімен «Эстрадалық вокал» жанры бойынша үлгілі «Өркен» вокал тобы (Теректі а.о), «Хореография» бойынша «Толқын» би ансамблі (Долин а.о), «Халықтық музыка» бағытында Н.Манас, «Домбырада ән салуда» А.Темірғалиев, «Поэзия» жанрында А.Қайырғалиевалар 1-орын алып, облыстық кезеңге жолдама алды.

IMG-20220414-WA0042

Барша қатысушыларға алғысхат пен бағалы сыйлықтар берілді.

Шара шымылдығы «Qazaqstan daysy. Балалар» байқауының қатысушылары — Сұлтан, Бейбарыс Ғариффулиевтердің орындауындағы «Балдәурен» әнімен жабылды.

Балнұр Қуанышқызы,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале