Федоров қазақ мектебінің ұстаздары ерекше акция бастап, көпшіліктің назарын аударды. Мектептегі кәсіподақ ұйымының төрайымы Ақмарал Қалбирова «Бір орамал, бір тақия» акциясын ұйымдастырды.
Оған мектеп ұжымы бірлесе қатысып, ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті. Ұстаздар бір-біріне орамал мен тақия сыйлады. Акция облыс орталығында өз жалғасын тапты. Орал қаласындағы қарттар үйіне кəсіподақ төрайымы мен кəсіподақ мүшесі Замир Қабиев барып, ата-әжелерге бір орамал мен тақия табыстады. Қазыналы қарттар тосыннан келген сыйға қуанып, аталмыш акцияны ұйымдастырушыларға баталарын берді.
Әділет Әлібекұлы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер