18.03.2020, 12:14
Оқылды: 74

Теректіде бір сынып ұлттық нақышта киінеді

Ықылым заманнан күні бүгінге дейін өзінің қадір-қасиетін жоймай, қолөнердің озық үлгісі ретінде ғана емес, әрі әсем, әрі ыңғайлылығымен де пайдаланудан қалмай келе жатқан қазақтың ұлттық киімдерін насихаттау Теректіде белең алып тұр.

ulttyk (1)

Қазақы киімнің барша сымбаты мен ою-өрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі бар екендігі жасырын емес. Мысалы, аудан орталығындағы Федоров қазақ ЖОББМ-нің 5 «а» сынып оқушылары мектепте бірыңғай қазақы нақыштағы киіммен жүр. Сынып жетекшісі Айдана Нұрмұхаеваның ойын ат-аналар қолдап әкетіп, арнайы тапсырыспен мектеп формасы іспетті жеңсіз бешпент тігілген.

ulttyk (3)

Бүгінгі таңда оқушылар демалыста болғанымен, сабаққа оралғасын теректілік балғындар көз тартар қазақы киімде білім алуға кіріседі.

 Әділет Орынбасаров

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале