Биылғы көктем ерте шықты. Соны тиімді пайдаланған теректілік шаруалар далалық жұмыстарды бастап кетті.
Қазірдің өзінде олар жоспардағы 71 050 га егістіктің жартасынан астамы, 35 869 гектар жердің ылғалын жауып шықты.
Ылғал жауып жатқан 56 ауылшаруашылық құрылымы, жұмысқа 197 адам, 97 бірлік техника жұмылдырған.
Ылғал жабу егістіктен алар өнімнің кепілі десек, теректілік шаруалар алдағы күзде қамбаны дәнге толтырар деген сенім басым.
Камелия Өтеу
Теректі ауданы
zhaikpress.kz