10.01.2019, 18:01
Оқылды: 36

Теректіде де жылқы қолға қарап қалуы мүмкін

Қазталовта қардың қалыңдығынан тебіндегі жылқыларға қиындық туғанын жазған едік. Теректі жерінде де қар үстіне қатқан мұздақ жылқыны қолға қаратайын деп тұр. Бұл жайлы Теректіден тілшіміз хабарлады.

 qystaq terek (1)

Теректі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сағадат Жолдағалиев бірге аудандағы қыстақ жайынан хабардар болдық.

         Теректі ауданы мал қыстатуға 123,5 мың тонна шөп, 1 мың тонна сабан және 23 мың тонна жем жинап алған. Тұрғындар қолында 45 873 бас ірі қара, 61 479 қой-ешкі бар.

Юбилейный ауылында етті герефорд тұқымдас ірі қара мал өсірумен айналысатын «Жақсымбетов» жеке кәсіпкерлігі басына дән түйген сорго шауып, буып алған. Қысқы аяздан қаймыға қоймайтын герефордтың күйі жақсы. Одан әрі Ұзынкөлдегі «Қарабұлақ» қожалығындағы малдың жайын көріп, Аңқатыға қарай астық. Бас тіреген жеріміз – «Айсұлу» шаруашылығы мен бес азамат басын қосқан «Мақсат Аңқаты» кооперативі болды. Қазақтың ақбасының күтімі жайлы. Шөп мол. Желтоқсанда алынған төлді көріп, көңіл толды. Шалқар округі орталығы Сарыөмірге мал жайланар кезде жеттік. Қора маңында жүрген азаматтардан сөз тартқанымызда, «қыс ұзап кетпесе, наурызға аман жетерміз» дейді.

         Шалқарға қарай келе жатып қар үстінде жайылған саяқ жылқы көрдік. Жалпы ауданда 11 561 бас жылқы бар. Биылғы қар үстіне қатқан мұздақ жылқыны қолға қаратайын деп тұр. Дуана ауылында орын тепкен «Шалқар» қожалығында аздаған тай-жабағы алдына салған шөпті қаузап, қораға кірген.

qystaq terek (2) qystaq terek (3) qystaq terek (4)

Камелия Қарекесова,

Теректі ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале