4.07.2024, 16:36
Оқылды: 226

Теректіде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында жиын өтті

Бүгін Достық үйінде Теректі ауданының «Мансап» орталығы филиалы атаулы әлеуметтік көмек көрсету және жұмыспен қамту бойынша бөлімшесінің басшысы Дархан Еслямғалиев, Теректі аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының теолог маманы, Теректі аудандық мешітінің Бас имамы Амантай Бақтығалидің қатысуымен жиын өтті.

IMG-20240704-WA0038

Оған ауыл тұрғындары, жастар куә болды. Басқосудың басты мақсаты – экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында ақпараттық-түсіндіру еді. Жүздесу барысында Амантай Қуанышбайұлы теріс діни ағымдардың зардабы және олардан қорғану жолдары хақында әңгімеледі.

IMG-20240704-WA0035

Сонымен қатар зайырлылық ұғымы, ҚР заңнамалары, діни қызмет пен діни бірлестіктер жұмысы жөнінде және азаматтардың құқықтары туралы баяндады.

IMG-20240704-WA0037

Қатысушылар өздерін мазалап жүрген сауалдарын қойып, тұщымды жауап алып тарқасты.

IMG-20240704-WA0036

Самал Жамет

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале