2.06.2020, 17:10
Оқылды: 22

Теректіде елге оралған балаларға қамқорлық жасалды

Халықаралық балаларды қорғау күнінде Теректі ауданы әкімі Әділ Жоламанов «Жусан» операциясымен Ирактан елге оралған ағайынды Мансуровтардың үйіне арнайы барып, мерекемен құттықтады.

2390CB9A-2CF4-406A-AB6F-9CA72EC6E4DF

Былтыр 27 қарашада Отанының топырағын басып, ауасын жұтуға қайтадан мүмкіндік алған балғындар бүгінде нағашы әжесі Мәрзия Медетованың қамқорлығында.

AF15B321-EEF1-4777-B000-47E1C8429ECD

Ағайындылар ауданымызға келген бойда білім беру бөлімінің қызметкерлері тұрмыстық жағдайын тексеріп, психологиялық көмек көрсеткен. Подстепный №1 жалпы орта білім беретін мектебінде 9 қаңтардан бастап оқуға кіріскен Исхак 5-сыныпқа, Айса 3-сыныпқа қабылданған. Ал үйдің кенжесі 2015 жылы дүниеге келген Мардия «Бәйтерек» балабақшасында тәбиеленуде.  

Теректі аудандық білім беру бөлімінің басшысы Жанаргүл Хусаинованың айтуынша, бұл балаларға педагог-психолог, дефектолог, логопед және пән мұғалімдері жеке түзету бағдарламасын дайындап, білім берген. Сыныптастарымен қарым-қатынасты жақсарту мақсатында түрлі тренингтер өткізген. Жыл соңында болған мектептегі жаңажылдық шыршатойға қатысып, ауылдық мәдениет үйінде көрсетілген «Веселые каникулы» мультфильмін тамашалаған. Үлгерімдері жақсы. Қашықтан оқуға мүмкіндік толықтай жасалған.

Кездесу барысында Әділ Тауфиқұлы бүлдіршіндердің әрқашан назарында болатынын, кез келген жағдайда әкімдік тарапынан көмек көрсетілетінін айтып, Мәрзия әжейге денсаулық, балаларға оқуда озат болуын тіледі. Содан соң әкелген сыйлықтарын табыс етті.

Әділет Орынбасаров,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале