3.03.2022, 16:50
Оқылды: 23

Теректіде іскер жандар бас қосты

 Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында аудан әкімі Тілек Габдушев бір топ іскер жандармен жүздесті. Аталмыш кездесуге ауданымызға қарасты округтердің өкілдері, «Нұрберген» шипажайының басшысы Аина Баемирова, облыстық кеңес төрайымының орынбасарлары куә болды. Шара барысында БҚО іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ляна Тұрсынова биылғы жылдың тың  жоспарларымен қатар түрлі өзгерістер жөнінде кеңінен мағлұмат берді.

WhatsApp Image 2022-03-03 at 16.45.56

 

Сондай-ақ азаматтық қоғамның дамуына үлес қосуға, көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру мен әйелдердің жан-жақты дамуы, әсіресе бизнестегі әйелдер мен олардың проблемалары туралы айтып өтті.

-Бизнес ұғымын үлкен бір кәсіп бастау деп түсінбеуіміз керек. Ол шағын, я болмаса орта болсын, ең бастысы, табыс әкелуі тиіс, - деді Л.Алексейқызы.

Ауданның іскер әйелдер кеңесінің төрайымы болған Майра Исенова да ауданда жүргізілген шаруалар жайында сөз етті. Келешекте жүзеге асуға тиіс жұмысты Теректі  аудандық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Жаңылсын Ғұмыровамен кеңесуді тапсырды.

Жиын соңында Л.Тұрсынова іскер әйелдердің бірге болып, қолдау көрсетуге, игі істер жасауға шақырды. Сонымен бірге  кеңес мүшелігіне қабылдап, арнайы сертификат тарту етті.

Одан әрі аудан әкімі атынан қатысушыларға гүл шоқтары табысталғанын айта кеткен жөн.

Ал белгілі әнші Асланбек Шайхин «Гүл сыйлайық әйелге» әнің орындап, мерекелік көңіл күй сыйлады.

 Балнұр Қуанышқызы,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале