21.03.2025, 10:00
Оқылды: 49

Теректіде қаржылық сауаттылықты арттыруға арналған жиын өтті

Теректі аудандық мәдени-демалыс орталығында БҚО бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қаржы пирамидасы бойынша қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында дәрістер оқу бойынша жиын өтті.

29ba7b7f-1137-4173-9374-474393b96921
Аталмыш жиынға аудан әкімінің орынбасары Қаулаубек Темиров, «Аманат» партиясы филиалының төрағасы, дербес бөлім басшылары мен ауыл тұрғындары қатысты.
«Қаржы пирамидасы – бұл азаматтардан заңсыз ақша тартып алудың ең белгілі әрі таралып кеткен әдісі. Жаңа адамдарды тарту арқылы, солардың қаражаты есебінен бастапқы қатысушылардың табысын қамтамасыз етеді. Яғни, пирамиданың қатысушыларына табыс кейінгі қатысушылардың салымы есебінен төленеді. Ондай алаяқтыққа жол бермеу үшін бүгін Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті қаржы пирамидасы бойынша қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында дәрістер оқу жұмыстарын жүргізуде», - деді аудан әкімінің орынбасары Қалаубек Темиров.

cb00a9ac-03ab-488f-9406-ab8b9289abc6
Сонымен қатар БҚО бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің тергеу басқармасы басшысының орынбасары Болат Ажинғалиев, БҚО бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі тергеуші Бағдат Жұмағазиев және БҚО бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкері Сара Мұратова қатысып, өздерінің пікірін білдірді.

Тимур Тоқмамбетов
Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале