28.02.2025, 18:00
Оқылды: 426

Теректіде кәсіби бағдар күні өтті

«Жұмысшы мамандықтар жылына» арналған аудандық мәдени-демалыс орталығында облыстық «Атамекен»» кәсіпкерлік палатасымен бірлесіп аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен кәсіби бағдар күні өтті. Аталмыш шараға облыстық кәсіпкерлер палатасы, қалалық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары, ата-аналар, 9 - 11 сынып оқушылары мен мұғалімдер қатысты.

480961467_2840959236085952_3858839604128201985_n

Алдымен жиналған қауым «Мамандығым-мақтанышым» атты Орал қаласындағы Құрманғазы атындағы саз колледжі студентерінің флешмобын тамашалады. Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. «Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет. Сондай-ақ біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз» деген болатын. Бүгінгі шараның мақсаты да жұмысшы мамандықтардың маңыздылығын көрсету, жастарды еңбекке баулу, еңбек адамдарына құрмет көрсету мен жұмысшы мамандықтарын насихаттау болып табылды.

481917751_2840958802752662_2189561813768523665_n

-Президентіміз жариялағандай «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ауданымызда үлкен шара ұйымдастырылуда. Қарапайым маман иелерін қалың жұртшылыққа насихаттау және дәріптеу бағытында бірнеше жұмыстар жүргізілуде. Солардың бірі бүгінгі шара болып табылады. Баршаңызға қош келдіңіз айта отырып, оқушыларымыздың болашағы жарқын болсын деген тілек білдіремін. Балаларымыздың мамандық таңдауда қателеспеуіне, болашақта үлкен маман иесі атануына осындай шаралардың қажет екендігі мәлім. Бүгінгі кездесудің мәні зор екендігін айта отырып, оқушыларымызға сәттілік тілейміз. Ұйымдастырып жатқан сала мамандарына аудан жұртшылығы атынан алғысымыз шексіз», - деді аудан әкімінің орынбасары Қалаубек Темиров.

480708457_2840960336085842_2898516557357898211_n

Шара барысында облыстық кәсіпкерлік палатасының бөлім басшысы Айгүл Әбылқайырова сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Өнерпаздар Тілекші Бектұрғанова «Жасасын өмір» әнін орындаса, ал Гүлназ Рахымғалиева «Қазақ қызы» әнін орындап, көрерменнің қошеметіне бөленді.

480517179_2840960622752480_8598970308129718827_n

-Ауданымызда «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында облыстық кәсіптік бағдар күні өткізілді. Аталмыш шарамызға 13 білім беру ұйымдарының 9 сынып оқушылары қатысты. Негізгі шараға облыс орталығынан 15 кәсіптік техникалық білім беру ұйымдары өздерінің кәсіби бағдар аясында оқу орындарын таныстырды. Оның ішінде қандай мамандықтар бар екендігі, қанша жыл оқытылатындығы және жатақхана мен оқу орындарының жабдықтары жөнінде ата-аналар мен оқушыларға түсіндірілді. 2025-2026 жылдары аталған оқу орындарына қабылдау жаз мезгілінде жүргізілетін болады. Сол кезге дейін қажетті мамандықтарын таңдап, әрбір оқушы өздерінің дұрыс шешім қабылдауларына бүгінгі өткізілген шарамыз зор мүмкіндік береді деп есептейміз. Осы жерден өздеріне қажетті сұрақтарын қойып, керегінше жауабын алды. Оқу кезінде жұмысшы мамандықтары бойынша 43896 тг, ал орта буын мамандықтары бойынша 41 896 тг шәкіртақы төленеді. Жалпы кәсіпкерлік палатасымен бірлесіп облыстық деңгейдегі аталмыш шара аудан орталығында алғашқы рет өткізіліп отыр», - деді аудандық білім бөлімінің басшысы Мирас Махмұтұлы.

Одан кейін шараға қатысушы оқушылар мен ата-аналар өткен жылы мемлекеттік бағдарлама аясында қайтарымсыз грантты ұтып алған жеке кәсіпкерлердің өнімдерімен танысты. Аудандық мәдени-демалыс орталығының фойесінде облыс орталығынан келген бірнеше кәсіптік техникалық білім беру ұйымдары өздерінің кәсіби бағдар аясында оқушыларға түсінік берді.

Т.Тоқмамбетов,

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале