21.12.2024, 12:30
Оқылды: 6

Теректіде қазірден дайындық басталды

Биылғы тасқын көп дүниені ұқтырғандай. Дайындықтың күшейтілуі – кезек күттірмей жүзеге асатын жұмыстар қатарында.

Осы орайда айта кететін жайт, Теректі ауданында су тасқынының алдын алу мақсатында дамбы салу жұмыстары жүргізілді.

IMG-20241220-WA0167
Кеше облыс әкімінің көмекшісі Ернұр Өтегенов келді.

Аудан әкімінің орынбасары Дархан Абдрашитов және аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Бахтияр Катчеков ахуалды баяндады.

Теректі ауданының Жайық өзені бойында орналасқан Ақжайық, Ақсоғым, Шағатай ауылдық округтерінің елді мекендеріндегі қорғаныс бөгеттерін көрді. Сондай-ақ көктемге дайындық тексерілді.

Ақтілек Әлібекұлы,
Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале