Теректі ауданында «Қазпошта» АҚ-ның 25 жылдық мерейтойына байланысты шара өтті.
Жиында аудандық «Қазпошта» басшысы Замзагүл Шалиева барлық қызметкерлерді мерекемен құттықтады.
- 1993 жылы тәуелсіз Қазақстан Республикасында алғашқы қазақ поштасы құрылып, ресми түрде мемлекеттік мәртебе алды. Биыл қазақстандық поштаға 25 жыл толып отыр. Осы 25 жыл бойы Қазақстан поштасы бір миллиардтан астам пошта жөнелтілімін өңдеді. Электрондық коммерцияның дамуына байланысты сәлемдемелер мен бағдарлардың саны артып келеді. Қазірдің өзінде «Қазпошта» әр сағат сайын 3000-нан астам сәлемдеме қабылдайды әрі жібереді. Енді велосипедпен және автокөлікпен жүретін пошташыларға дрондар мен робот пошташылар да қосылды. Бүгінгі салтанатты шарада сіздерді төл мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Жұмыстарыңызға сәттілік, жанұяларыңызға бақыт тілеймін, - деді Замзагүл Мырзағалиқызы.
Содан соң пошта қызметіне жүгінген жиырма бесінші тұрғын Ө.Мүбаракка арнайы сыйлық табыс етті.
Салтанатты шара концертпен жалғасын тапты. Мерекелік көңіл-күй сыйлаған басшыға қызметкерлер дән риза.
Аягөз АЙТҚАЛИЕВА,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!