Теректі ауданының орталығында Наурыз мерекесіне арнайы киіз үй тігілді. Достық үйі алдындағы алаңға қонған киіз үйде ауданның орталықтандырылған кітапханалар жүйесі қызметкерлері кітап көрмесін жайды.
Кітап көрмесіне наурыз мейрамы тарихына байланысты, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған мәліметтер жинақталған. Марабай жырау мен жазушы Хамза Есенжанов өмірі мен шығармашылығынан сыр шерткен туындылар да осы жерде оқырмандар назарына ұсынылды.
Санитарлық-эпидемиологиляқ талаптарға сай, қауіпсіздік шараларын орындай отырып ұйымдастырылған кітап көрмесі Ұлыстың ұлы күніне орай жасақталған.
Камелия Өтеу,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz