16.04.2025, 23:41
Оқылды: 298

Теректіде кітапсүйер оқырмандарға арналған іс-шара өтті

«Мәртебелі кітап» деген атаумен Теректі аудандық кітапханасының алдында кітапсүйер оқырманға арналған шара өтті. Шараға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жандос Сұңғатов, ауданның құрметті азаматы, еңбек ардагері Сәлім Кукашев қатысып құттықтау сөз сөйледі.

image-16-04-25-08-53-3

Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Президент Қ.К.Тоқаев елдің ертеңі мен келешегі үшін кітап оқу мен басып шығару ісінің маңыздылығына кеңірек тоқталған болатын. 2024 жыл «Қазақстан Республикасының мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Үкімет қаулысына толықтырулар енгізіліп, 23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып бекітілді.

image-16-04-25-08-53-5

Аталмыш басқосуда еліміздің Мәдениет және ақпарат министрлігі де ұлттық мерекені мазмұнды өткізу туралы айтқан болатын. Осы орайда ұйымдастырылған мерекелік шарада оқырманға кітапхана қорындағы жаңа кітаптар таныстырылып, жиналғандар республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясын тамашалады. Сонымен қатар, мерейгер кітаптар көрмесі қойылып, аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпаздары шараны әнмен әрлеп, бүлдіршіндер би биледі.

image-16-04-25-08-53-2

Ел бойынша тойланып жатқан кітап мерекесінің бүгінгі аудандық шарасы да бір аптаға созылып, түрлі деңгейдегі шаралармен жалғасын таппақ.

Жаяу Мерген

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале