30.08.2025, 11:30
Оқылды: 401

Теректіде ҚР Конституциясының 30 жылдығына арналған салтанатты шара өтті

Бүгін Теректі аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына арналған «Асқақтай бер, Ата заң!» атты салтанатты шара өтті. Бұл мереке еліміздің басты құжаты – Конституцияның қоғамдағы маңызын ұлықтауға, тәуелсіздіктің тұғыры болған заңымызды дәріптеуге арналды.

WhatsApp Image 2025-08-29 at 19.18.37 (3)

Шара ҚР Мемлекеттік Әнұранымен ашылды. Кеш барысында жүргізушілер Ата заңның тарихы мен тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы рөлі туралы ой өрбітті. Конституция – мемлекет пен қоғам арасындағы келісімнің, ел бірлігінің кепілі екені атап өтілді. Мерекелік жиында Теректі ауданының әкімі Әлия Мұханбетжанова құттықтау сөз сөйлеп, Конституцияның мемлекетіміздің саяси, құқықтық және әлеуметтік дамуындағы басты кепілі екенін айтты. Салтанатты шара аясында әр салада үздік еңбек етіп жүрген бірқатар азаматтар марапатталды.

WhatsApp Image 2025-08-29 at 19.17.56

 

Олардың қатарында прокуратура, полиция, әлеуметтік қорғау, ветеринария, сот, коммуналдық шаруашылық және медицина саласының қызметкерлері бар. Кеш барысында аудан өнерпаздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Көрермендерге әуезді әндер мен билер ұсынылып, «Ата Заң» атты өлең оқылды.

WhatsApp Image 2025-08-29 at 19.17.49 (1)
Сонымен қатар, дәстүрлі әншілердің әсерлі шеруі көрерменге ерекше көңіл күй сыйлады. Бұл мерейтойлық мереке аудан жұртшылығын бірлікке, патриоттық рухқа шақырып, ел Конституциясының айрықша маңызын тағы бір мәрте айшықтады.

WhatsApp Image 2025-08-29 at 19.13.26 (4)

WhatsApp Image 2025-08-29 at 19.13.26


WhatsApp Image 2025-08-29 at 19.17.50

WhatsApp Image 2025-08-29 at 19.12.15

Әдемі Талғатқызы
Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале