11.06.2021, 17:19
Оқылды: 44

Теректіде «Қымызмұрындық» этно-фестивалі өтті

Теректі ауданының Сарыөмір ауылында «Қымызмұрындық» этнофестивалі өтті.

 91c341bf-dcd7-4176-8d2c-7f9599488fa5

Салт-дәстүрді дәріптеу, ұмыт бола бастаған құндылықтарды жаңғырту және ұлттық тағамдарды ұлықтау мақсатында Шалқар көлі маңында өткен қымыз тойға қызық көреміз деген халық жиналды. Кең далаға тазы ерткен итбегілер,  жүйрігін жетелеген атбегілер толды.

Қазақтың жайлауға шығып, арқасы кеңіген тұста тойлайтын қымызмұрындығына арнайы келген Теректі ауданының әкімі Арман Өтеғұлов «Той тойға ұлассын!» деген тілегін айтты. Тойлы ауылдың сыйлы азаматы Шәрәпи Шотанов құттықтау сөз сөйлеп, Хайров Зинетолла ақсақал бата берді.

о1

Тазы жарысы ат жарысына ұласты. Тай жарысы 3 шақырым, топ бәйге 12 шақырым қашықтыққа өтті.

«Жанға дауа, дертке шипа» қымызды дайындау шеберлігін көрсеткен қымызшылар сайысқа түсті. Қазақ күресі, асық ату, арқан тартыс, қой көтеру ойындарын қызықтаған халық қошемет көрсетті. Концерттік бағдарламада дәстүрлі ән, терме, күй төгіліп, әжелер ансамблі мен эстрада әншілерінің өнерімен жалғасты. Той соңында жеңімпаз-жүлдегерлер марапатталды.

о2

Мейрамгүл Сәрсенғалиқызы,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале