29.07.2022, 17:15
Оқылды: 58

Теректіде қысқыға мал азығын дайындау қарқынды жүруде

Жоспар бойынша қолда бар малдың қысқы азығына 143,2 мың тонна табиғи шөп қажет. Күні бүгінге жоспар орындалу көрсеткіші 40 пайыздан асып, 58 мың тонна көлемінде шөп шабылған.

shop

Теректі ауданыда өз қажеттіліктеріне қарай пішен маялап жатқан шаруашылықтар тұрғындарға да шөп сатуда. Аудан бойынша бір бума пішен  бағасы - 4000-5000 теңге.

shop

Мал азығымен тұрғындарды қамтамасыз ету үшін ауданның ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі жергілікті әкімдіктермен бірлесіп, арнайы саттық ұйымдастырып отыр.

Осы жолмен Теректі ауылының сырт жағында өткізілген жем-шөп саттығына Теректі ауылдық округі аумағындағы бірқатар шаруашылықтар қатысты.

- Мал азығының қымбаттауын реттеу мақсатында қолға алынған шараға бүгін «Сүйін ұрпағы», «Исембек», «Шарақап» қожалықтары мен «10 лет РК» ЖШС трактор тіркемесімен пішен әкеліп сатты. Бір бумасының бағасы – бес мың теңгеден. «Ганиев Г.Г.» қожалығы бір қап арпаны 3 600 теңгеден шығарды. Ауыл тұрғындары керегіне қарай алып жатыр, - дейді ауданның ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Азат Аубакиров.

Мал азығы жәрмеңкесі алдағы уақытта да жалғасады.

Тамара  Жұмат,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале