24.06.2024, 23:00
Оқылды: 250

Теректіде мерекенің лебі есе бастады

28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен алғаш болып Теректі аудандық балалар шығармашылық үйінің директоры Асима Құтқожиева құттықтады. Редакцияға арнайы келген Асима Абылайқызы тілші, аталмыш орталықпен тығыз байланыс жасап, ақпараттық қолдау көрсетіп жүрген Балнұр Қанаеваға алғысхат пен сый-сияпат ұсынды.

20240624131558_IMG_7618

- Балалар шығармашылық үйі ұйымдастырған іс-шаралардың басында жүрген Балнұр Қуанышқызына алғыс білдіреміз. Жалпы "Теректі жаңалығы" газетінің жұмыс қарқынына дән ризамыз. Нақты әрі жедел ақпарат таратып, аудандағы жаңалықтарды елге жеткізу ісінде абырой биігіндесіздер! Мереке құтты болсын,- деді өз сөзінде.

Сондай-ақ алғашқылардың бірі болып экс-әріптесіміз, Теректі аудандық балалар шығармашылық үйінің бұқаралық бөлім меңгерушісі Үміткер Орынғалиев құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Ол газетте жасаған үш айын алтын кезеңге балап, әріптестерін ұмытпайтынын айтты.

20240624132311_IMG_7629

- Менің қалыптасып, шығармашылық қабілетімді арттыруға "Теректі жаңалығы" септігін тигізді. Сіздермен әріптес болғаныма қуаныштымын,- деді Үміткер Жұмакелдіұлы.

Өз кезегінде газет ұжымы, газеттің директор-редакторы Әділет Орынбасаров алғысын айтты.

Ақтілек Әлібек,

Теректі ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале