Бүгінгі таңда нанның қымбаттауы белең алып тұр. Жоғары сортты нанның бағасы 140 теңгеге жетті.
Теректі ауданында бағаны тұрақтандыру бойынша жұмыстар қолға алынды. Әлеуметтік маңызы бар І сортты нанның бағасы ауданда 88 теңге тұрады. "Гильманов" жеке кәсіпкерлігі, яки "Теректі нан" атауымен танымал орында баға қолжетімді. Кәсіпкермен аудандық кәсіпкерлік бөлімі арнайы келісімге отырған. Облыстан тұрақтандыру қоры бойынша ай сайын І сортты нанға астық келіп тұрады. "Теректі нанның" өнімдеріне халықтың көңілі алабөтен. Түске дейін нанды талап әкететін халықтың әрекетіне қарап, сапалы өнім ұсынып отырғанына көз жеткізесің.
Теректі аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Бақтияр Карлдың айтуынша, І сортты нан аудандағы азық-түлік дүкендерінің сөрелерінен де табылмақ.
Әділет Әлібек
Теректі ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер