5.03.2024, 22:00
Оқылды: 62

Теректіде нәзік жандылардың мерекелік жүздесуі өтті

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Теректі аудандық балалар шығармашылық үйі және «Іскер әйелдер» кеңесі ұйымдастырған «Жарқын жүздесудің» бұл жолғы кеші қыз-келіншектерге арналды.

IMG-20240305-WA0131

Шараға әр түрлі салада жемісті еңбек етіп жатырған арулар қатысты. Айталық, «Тұлпар» жекеменшік  бөбекжайының меңгерушісі Мәншүк Науанова, Долин ауылдық округінің жастар жетекшісі Майра Шарипова, мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған ана Алтынай Жанғожаева, «Іскер әйелдер» кеңесінің мүшесі Арайлым Ғұмарова, аудандық мәдени-демалыс орталығының хормейстері Гүлназ Құсайнова, аудандық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының өлкетану бөлімінің меңгерушісі Айдана Алғазиева сынды жандар шақырылды.

IMG-20240305-WA0118

Сұхбат тізгінін ұстаған Үміткер Орынғалиев жоба қатысушыларына «Сұрақ - бізден, жауап - сізден» деп кәсіптеріне, өмірлеріне қатысты қызықты сұрақтар қойды.  Сондай-ақ,  қонақ кәделерін алып келген Мәншүк Ибатоллақызы «Асыл әжем», Алтынай Мәлікқызы Ш. Қалдаяқовтың әнінен шашу шашты.  Майра Нұрымжанқызы ұлттық ойын «Асық атудан» оқушыларға шеберлік сағатын көрсетті. Кәсіпкер Арайлым Абайқызы тәтті тортын ала келіпті.

IMG-20240305-WA0117

Гүлназ Рақымғалиқызы мен Айдана Русланқызы  балалар шығармашылық үйіне өз қолдарымен жасаған бұйымдарды естелікке табыстады.

IMG-20240305-WA0120

Шара қонақтарына аудан әкімі Әлия Мұханбетжанованың атынан алғысхат табыс етілді.

IMG-20240305-WA0121

IMG-20240305-WA0122

IMG-20240305-WA0124

IMG-20240305-WA0125

Жауһар Нұрым,

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале