11.06.2025, 12:15
Оқылды: 490

Теректіде облыстық филармония әртістерінің концерті өтті

Теректі ауданында Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармония әртістерінің «Елге сәлем!» атты гастрольдік концерті өтті.

Кеш жүргізушілері ҚР «Мәдениет саласының үздігі» Камалиден Айтбаев пен Салтанат Абрышева кештің шымылдығын ашты. «Мереке думан» биімен «Атамекен» халық биі ансамблі сахна төрінен табылды.

PHOTO-2025-06-10-22-02-39

Өңіріміздегі өнердің қара шаңырағына айналған Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармония өнерпаздарының шығармашылық концертіне теректіліктер мол жиналды. Дарынды өнерпаздар өмір ақиқатын өнер арқылы көрсете отырып, адамның ішкі әлемін нұрландырып, құндылық пен бақытты сезіндірді.

PHOTO-2025-06-10-22-02-42

Филармония әртістері осы кеште сырлы сезім мен бақытқа толы әуендерді әуелетті. Биылғы жыл филармония ұжымы үшін шығармашылыққа бай, өте жемісті жыл болды. Өйткені ұжым әртістері Қазақстанның түкпір-түкпіріне шығармашылық концерттер қойып, бір қатар шет мемлекеттерге де сапарлап қайтты. Атап айтсақ Түркия мемлекетінің ірі қалаларының бірі Стамбул, Түркіменстан Республикасының астанасы Ашхабат қалаларында өңіріміздің өнерін үлкен сахнада паш еткен болатын. Сонымен қатар биыл филармония ұжымы үшін мерейлі жыл. Өйткені филармония ұжымы Атамекен халық би ансамбілінің 30 жылдығын ауқымды түрде атап өтсе, Ал Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі 25 жылдығын жыл бойына кешенді түрде атап өтпек.

PHOTO-2025-06-10-22-02-38

«Бастау» әнімен Айжан Мұхамеджанова сахна төріне көтерілді. Муслим Магомаевтың «Синяя вечность» пен «Қазақстан» әнін орындаған Алтынбек Оразовқа көрермен қошемет көрсетті. Латиф Хамидидің «Бұлбұл» әнімен Меңдігүл Калиуллова сахна төрінен табылды.

PHOTO-2025-06-10-22-02-44

«Әр қазақ жалғызым» және «Белес» әнін Аслан Ғұмаров, «Бақыттымын құрбылар» әнін Айгерім Шайхиева, "Қымбат термесін" Әділ Ахметов, «Гүлсезім» әнін Мира Сүндетова, «Өзіңді аңсап» әнін дуэт Тарас Жауынбаев пен Мира Сүндетовалар орындап, көрерменнің қошеметіне бөленді. «Маржан қыз» әнін Тарас Жауынбаев, «Аққайың» «Інжу» тобы, «Әндіжан полькасы» «Атамекен» халық биі ансамблі, «Сен болмасаң» «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Марат Сарбөпеевке қол соқпаған көрермен қалмады.

PHOTO-2025-06-10-22-02-43

Осылайша елге сәлемін ала келген Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармония өнерпаздарының шығармашылық концерті өз мәресіне жетіп, халықтың ықыласына бөленді.

Т.Токмамбетов,

Теректі ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале