25.09.2018, 10:21
Оқылды: 39

Теректіде ойын алаңы жаңарды

Теректі ауданы Приречный ауылында «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламалық мақаланың «Атамекен» кіші бағыты аясында  балалар алаңын абаттандыру жұмыстары аяқталды.

IMG-20180924-WA0015
         Жеке кәсіпкер Мұрат Бисенов 400 000 теңгеге жаңа сырғанақ, әткеншектер орнатып, қоршауын сырлап, белгіні жаңартты.

Дәл осы бағыт бойынша Шағатай ауылдық округінде де игі іс атқарылды.
Ы.Алтынсарин атындағы мектептің 2003 жылғы түлектері мектеп бітірулеріне 15 жыл толуына орай ауылға «Менің жүрегім Шағатай» атты естелік жазуды сыйға тартты. Құны - 300 000 теңге. Жазба түнде жанып тұрады.

         Аягөз АЙТҚАЛИЕВА,

Теректі ауданы

IMG-20180601-WA0058 IMG-20180924-WA0016 IMG-20180924-WA0017 IMG-20180924-WA0018

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале