24.05.2019, 18:25
Оқылды: 59

Теректіде оқушылардың «Табысты жол» слёті өтті

Теректі аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен дарынды оқушыларға арналған І аудандық «Табысты жол» слёты өтті.

 1 (3)

         Слётқа аудан бойынша халықаралық, республикалық, облыстық білім додаларының жеңімпаздары мен үздік оқушылар қатысты.

         Теректі аудандық лингвистикалық гимназиясының алаңында өткен ашылу салтанатында аудандық білім беру бөлімінің басшысы Жанаргүл Хусаинова сөз сөйлеп, Теректінің мәртебесін көтерген барлық шәкірттерге алғыс айтты.

         Ең алдымен үздік шәкірттер гимназия ішінде экскурсия жасады. Содан соң Қазақстан тарихы, музыка, робототехника және дене шынықтыру сабақтарынан шеберлік сағатында білімдерін шыңдады.

         Екінші бөлім Подстепный ауылдық мәдениет үйінде болды. Мәдениет үйінің фойесіндегі ғылыми жобалар көрмесін аудан әкімі Әділ Жоламановтың өзі тамашалады. Салтанатты бөлімде шәкірттер 2007-2008 жылдары Теректі аудандық лингвистикалық гимназиясын «Алтын белгі», «Ерекше аттестатқа» бітірген түлектермен кездесті. Дарынды балалармен жолығуға Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлім басшысы Досхан Шотпанов, БҚО әкімдігі аппаратының бас маманы Рүстем Алдоңғаров, Теректі аудандық лингвистикалық гимназиясының ағылшын тілі пәні мұғалімі Жаңылсын Құрмаш, облыстық кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы Нұрлыбек Тажкенов келіп, алға қойған мақсатқа жетудің қыр-сырымен бөлісті. Шараға қатысушылар қонақтарға сұрақтарын қойды.

         Слёт соңында аудан әкімі Әділ Жоламанов дарынды 66 оқушыны жетістіктерімен құттықтап, жылы лебізін айтып, алғыс хат және бағалы сыйлықпен марапаттады.

Аягөз Айтқалиева,

Теректі ауданы,

zhaikpress.kz

1 (5) 1 (7)

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале