Теректі ауданының әкімдігінде аудандық мәслихаттың кезекті жиырмасыншы сессия мәжілісі өтті. Сессия жұмысына аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова, бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты.
Мәслихат төрағасы Әлжан Нұрғалиев төрағалық еткен жиынның күн тәртібінде Теректі ауданы мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсанындағы №11-1 "Теректі ауданының 2024-2026 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу, ауданымыздың һәм ауылдық округтердің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеттерін бекіту, аудандық мәслихаттың "Теректі ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 17 қазандағы №8-3 өзгерістер енгізу, аудан бойынша шетелдіктер үшін 2025 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту, аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 31 наурыздағы №11-11 "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы", 2013 жылғы 20 желтоқсандағы №17-13 "Аудандық құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссисының дербес құрамын бекіту туралы" шешімдеріне өзгерістер енгізу, мәслихаттың 2021 жылғы 29 қаңтардағы №2-7 "Теректі ауданы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен қарым-қатынас бойынша консультативтік-кеңесші органның дербес құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу, мәслихаттың 2019 жылғы 18 наурыздағы №33-10 "Мемлекеттік рәміздері жөніндегі консультациялық-кеңесші органның дербес құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу, мәслихаттың шешімін жою туралы қаралды.
Бұл өзгерістерді аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Гүлмира Сәрсенова, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Арайлым Тасенова, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сандуғаш Айтқалиева, аудан әкімі аппаратының басшысы Мирлан Еркібаев, ішкі саясат бөлімінің басшысы Жандос Сұңғатов баяндады.
Сондай-ақ Әлжан Жақсыгерейұлы мәслихаттың 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы жеткізді. Көтерілген мәселелер депутаттар тарапынан қолдау тапты.
Ақтілек Әлібекұлы,
Теректі ауданы