5.12.2024, 11:45
Оқылды: 177

Теректіде Прокуратура күніне арналған шағын футболдан турнир басталды

Дәл қазір Теректі спорт клубында Прокуратура күніне арналған Теректі ауданы мекеме қызметкерлерінің арасында шағын футболдан турнир басталды.

IMG_4175

Бұл дода біздің қоғамдағы құқық қорғау органдарының маңыздылығын айшықтап, мекемелер арасындағы достықты арттыруға арналған.

IMG_4176

Ашылу салтанатында Теректі ауданының прокуроры Ғалымбек Мұхитов, аудан әкімінің орынбасары Қалаубек Теміров сөз алып, сәттілік тіледі.

IMG_9371

Қатысушылар мемлекеттік Гимнді шырқап, ойынға кірісті.

IMG_9409

Оларға аудан өнерпазы Злиха Қалмағанбетова ән шырқап, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Ақтілек Әлібекұлы
Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале