27.09.2024, 16:45
Оқылды: 114

Теректіде референдумға дайындық пысықталды

Подстепный ауылында Теректі ауданының аумақтық референдум төрағасы Арсен Бисенғалиевтің төрағалығымен және аудан прокуроры Ғалымбек Мұхитов пен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Арайлым Тасенованың қатысуымен учаскелік комиссия төрағалары мен мүшелеріне референдум барысы мен ережелерін түсіндіруге арналған мәжіліс жиыны өтті.

CDF94757-6F56-4091-98FE-4BD0127E42E8

Арсен Бақытжанұлы сөз тізгінін алып, 6 қазанда өтетін референдумның маңыздылығын баса айтып, дайындық жұмыстарының осал болмауын ескертті. Сондай-ақ 2022 жылы өткен референдумда қанша адам төбе көрсеткенін айтып, бұл жолы да сапаға екпін түсіру керегін тілге тиек етті.

73A83806-7A28-4238-8979-25A51325D44F

– Жалпы референдум учаскелері материалдық-техникалық жабдықпен қамтылған және әлеуметтік бейімделген ғимараттарда орналасқан. Аудан тұрғындары өздерінің азаматтар тізіміне енген-енбегенін, дауыс беретін учаскесін анықтау үшін аудан әкімдігінің 8(71132) 21202 саll-орталық телефонына қоңырау соғып, рефрендумға дейін тексеруге мүмкіндіктері бар, - деді Арсен Бисенғалиев өз сөзінде.

Ғалымбек Әлібекұлы болса, референдумның заң шеңберінде жүзеге асып, алгоритм бойынша өрбуі жөнінде, Арайлым Махметқызы өз баяндамасында мүгедектігі бар адамдардың дауыс беруіне жағдай жасалу керегін баса айтты.

B3E57BB8-3A21-40FF-AA78-CF2F8C9F63BD

Айта кету керек, барлық референдум комиссия мүшелері оқытулар мен тестілеуден өтуде. Оқыту жұмыстары жүйелі түрде жалғасып, алгоритм жасақталған. Сонымен қатар дауыс беру күнінде кездесетін жағдаяттар төңірегінде кейс әзірленген.

9510B6D3-C5D0-4A68-805C-149FE755A97D
Теректі ауданының аумақтық референдум комиссиясының хатшысы Дамир Меңдібаев байқаушылар мен бақылаушылардың құқығын, референдумның заңдылықтарын назардан шығармау туралы айтып, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін қойды. Кейін №377 учаскесінің комиссия мүшелері референдум күні атқарылатын жұмыстарды талқылап, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Ақтілек Әлібекұлы

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале