Теректі аудандық мәдениет үйінде КСРО-ның Халық әртісі, Қазақстанның Халық қаһарманы Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған еске алу кеші өтті.
Шара «Сағындым, апа, даусыңды!» деп аталды. Өйткені, жылдар өткен сайын ерекше дарын иесіне деген халықтың сағынышы басым.
Кеш барысында мәдениет үйінің өнерпаздары Роза Тәжібайқызының орындауындағы тамаша әндерді шырқап, халықтың әншіге деген сағынышын одан әрі үдете түсті.
Қазақ өнерінде қайталанбас із қалдырған тарихи тұлғаны еске алуға арналған кеште «Дат» театрының әртістері Роза Бағланова жайлы арнайы дайындалған көріністі көпшіліке ұсынды.
Сонымен қатар «Жұлдыз» би ансамблі де өз өнерлерін ортаға салды.
Балнұр Қуанышқызы,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz