22.06.2024, 11:00
Оқылды: 90

Теректіде сайлауалды пікірсайыс өтті

Естеріңізде болса, 2013 жылдан бастап 2021 жылға дейін ауыл әкімдерін халық қалаулылары – депутаттар сайлаған еді. Кейін, яғни 2021 жылдың маусым айынан бастап Тәуелсіз мемлекеттің тарихында  тұңғыш рет ауыл әкімдерін халық тікелей сайлайтын сайлау өтті. Көптің көңілінен шыққан дәл осындай әдіспен Теректі ауданына қатысты бірнеше ауылдық округтерінің әкімдері сайланып, қазіргі уақытта халыққа қызмет көрсетуде.

Енді, міне, бұл үрдіс жалғасын тауып, Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы  29 мамырдағы № 4 шешімі негізінде Ақсуат ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалған болатын.

20240622003055_IMG_7029

Аталмыш сайлауға қатысуға үш адам өз кандидатурасын ұсынған екен. Атап айтсақ, Покатилов ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Меркін Құбашев, Ақсуат  ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Саясат Нөменов өздерін ұсынса, ал «AMANAT» партиясы атынан жеке кәсіпкер, «Әділханов» шаруашылығының басшысы Қайрат Әділханов сайлауға түскелі отыр.

20240622002134_IMG_7022

Осы орайда Пойма ауылында кандидаттар арасында пікірсайыс өтті. Оған қауымдастық, қоғамдық ұйым және саяси партия өкілдері,  ауыл тұрғындары, жастар қатысты.

20240622004757_IMG_7060

Модератор Аманғали Байғали пікірсайыстың өту барысымен егжейлі-тегжейлі таныстырды. Тінін тарқатсақ, I кезеңде кандидаттар өздерінің сайлауалды бағдарламаларын баяндады. Ал II кезеңде бір-бірлеріне келешекте өңірді өркендету мақсатында атқарылатын істері хақында сұрақ қойды. Соңғы  III кезеңде  тұрғындар  үміткерлерге  ауылдағы өзекті мәселе бойынша сауалдарын жолдады. Сонымен қатар кандидаттарға сәттілік тіледі. Үш кандидат та өз ойлары мен жоспарларын ортаға салып, тұшымды жауап берді.

20240622005507_IMG_7081

Пікірсайыс соңын үміткерлер сайлаушыларға үндеулерін жолдап түйіндеді. Айта кетейік, Ақсуат ауылдық округі әкімінің сайлауы  шілденің 7-сі өтеді.

Самал Жамет,

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале