22.08.2024, 19:00
Оқылды: 122

Теректіде су құбырының құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Су құбырларының талапқа сай болуы ең маңызды мәселелердің бірі. Теректі ауданында ауыз сумен қамту бағытында жобалар жүзеге асып, елді мекендер санына шаққанда 49 елді мекеннің 25-і, яғни 51 пайызы ауыз сумен қамтылған екен. Биыл Барбастау ауылындағы су құбырының құрылысы аяқталды.

456445727_2672318242950053_6068911665673987963_n

Подстепный, Абай, Талпын, Магистральный, Шөптікөл, Қоғалытүбек, Барбастау ауылдарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталған жобалар биыл іске қосылады деп күтілуде.

Аудан әкімі Теректі ауданының әкімі Әлия Мұханбетжанова, аудандық мәслихат төрағасы, «AMANAT» партиясы Теректі аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссияның төрағасы Әлжан Нұрғалиев, партияның аудандық филиал төрағасы Мирхат Ибраев Ақжайық ауылдық округіне қараасты Абай ауылындағы су құбыры мен сорғы станциясы құрылысына барды. Аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің тапсырыс беру нәтижесінде басты мердігер «КазЕвроСтрой» анықталды. Учаске бастығы Қайрат Шымырдың айтуынша, құрылыстың уақытында әрі мінсіз мәреге жетуі үшін кедергі жоқ. Суасты сорғылары бар ұңғымалардағы жерасты түріндегі сорғы станциясы қоймасының сыйымдылығы – 100 текше метрді құрайды. Ал су мұнарасының сыйымдылығы – 25 текше метр, биіктігі – 12 метр.

456451474_2672318386283372_901592967206586715_n

Аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің берген мәліметіне сүйенсек, жұмыс биыл қараша айында аяқталады. Әлия Биғазықызы қызу істің бел ортасында жүрген қарапайым жұмысшылармен пікірлесіп, Қайрат Қасымұлына ел игіліне жауапкершілікпен қарауды тапсырды. Не десе де, ауыз су салғырттықты көтермейді.

Ақтілек Әлібекұлы,

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале