23.12.2019, 18:47
Оқылды: 154

Теректіде "Terekti invest - 2019" форумы өтті  

 

Теректі аудандық мәдениет үйінде дәстүрге айналған "Terekti invest - 2019" форумы өтті.

 terekti (2)

Форумға аудан әкімі Әділ Жоламанов, БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ернар Бекетов, "Қазақ Инвест" директорының орынбасары Тілеген Бекеш, "Орал" ӘКК ҰК АҚ төрағасы Диас Жәнібеков, "Даму" кәсіпкерлікті қолдау қоры" АҚ БҚО филиалы директорының орынбасары Әсел Тургаева, аудандық бөлім, мекеме басшылары, округ әкімдері, шаруа қожалық жетекшілері мен кәсіпкерлер қатысты.

Ең алдымен форумға қатысушылар аудандағы тауар өндірушілердің экспозициялық көрмесін тамашаласа, қонақтарға "Сырым-KZ" шаруа қожалығы, "Жайна" ЖШС, "Петрореф" ЖШС және "Асан" жеке кәсіпкерлігінің басшылары өз шаруа жайларын әңгімеледі.

terekti (3)

- Ауданда шағын және орта кәсіпкерліктің 1660 субъектісі тіркелген. Бұл көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда 3,3 пайызға өсіп отыр. Оның ішінде белсенді қызмет жасайтыны – 1461 субъекті-, деп бастады сөзін форумда аудан әкімі Әділ Жоламанов.

- Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2018 жылы 17,9 млрд. теңгені құраса, 2019 жылдың 1 қарашасына 14,1 млрд. теңге болды. Теректі ауданында кәсіп жүргізу үшін инфрақұрылымның барлық түрі қарастырылған. Оған себеп Еуропа мен Азияны байланыстыратын теміржол торабы, халықаралық және республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент», «Подстепное-Орынбор» тас жолдары, сондай-ақ, халықаралық әуежай да біздің ауданда. Оңтүстік беткей мал шаруашылығымен айналысуға, ал орталық және солтүстік бөлік егіс шаруашылығымен айналысуға қолайлы. Мәселен, егістік алқаптарды тиімді пайдалана білген «Родина» ЖШС биыл 6247 гектар жерден 2383 тонна дәнді және 660 тонна майлы дақылдарды, «ҚазАкбас» ЖШС 3937 гектардан 818 тонна дәнді дақылдарды, ал «Тұлпар LTD» ЖШС 8906 гектар жерден 1697 тонна дәнді, 3750 тонна майлы дақылдар жинады. Ауданда осы жылдың 1 қарашасына дейін капиталға салынған инвестициялар көлемі 7,9 млрд. теңгені құрап отыр. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 74,9 пайызға артық. Оның ішінде бюджеттік инвестициялар 3,1 млрд. теңге болса, жеке инвестициялар көлемі – 4,8 млрд. теңге. Жалпы Теректі ауданы бойынша инвестициялық жобалар көлемі 165,8 млрд. теңгені құрап отыр.

terekti (1)

 Аудан әкімі Әділ Тауфикұлы Подстепный, Шаған, Федоров, Ақсуат, Богданов, Долин, Покатилов ауылдық округтерінің сүтті бағыттағы сиырлар тұқымдарын өсіріп, сүт қабылдау бекеттері мен сүт өңдеу цехтарын ашуға қолайлы екенін де назардан тыс қалдырмады. Аудандағы сүт өнімдерін өндіретін «Ақас» агрофирмасы 2019 жылы 2,4 мың тонна, «Достық» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі 285 тонна сүтті өңдеуге тапсырыс бергені айтылды.

Жиында кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Бахтияр Карл ауданның интерактивті инвестициялық картасын таныстырды. Әрі

күн тәртібіндегі мәселелер бойынша "Орал" ӘКК ҰК АҚ төрағасы Диас Асқарұлы Теректі ауданының индустриалдық аймақ құрылысын тілге тиек етті. Алдаберген Нугманов "Теректі тұқым" ЖШС, Орал Дусенгалиев "Асан" ЖК, Максим Кислый көмірсутекті өңдеу және сақтау кешені "Петрореф" ЖШС туралы ақпарат берді.

БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ернар Бекетұлы форумды қорытындылады.

Форум соңында облыс орталығынан келген меймандар "Теректi" ЖШС-ның басшысы Сержан Идиятовтың жақында ғана ашылған қоғамдық моншасын, бассейнi мен пиццериясын тамашалады. Былтырғы форумда жеке кəсiпкер, меценат Сержан Серiкұлы дəл осы кəсiбiнiң презентациясын жасап, кɵпшiлiкке таныстырған болатын. Биыл жобасын жүзеге асырып, тұрғындардың пайдалануына ұсынды.

Аягөз Айтқалиева

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале