21.03.2025, 20:25
Оқылды: 36

Теректіде ұлттық спорт  түрлерінен өткен спартакиада да шағандықтар жеңімпаз атанды

Бүгін Теректі ауданы орталығында айтарлықтай шара өткізілді. Наурызнаманың жетінші күнінде «Ұлттық спорт» күніне орай ұлттық спорт түрлерінен спартакиада ұйымдастырылды. Айтулы мерекелік шараға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Қалаубек Темиров мерекемен құттықтап, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

image-20-03-25-08-01-3

Спартакиадаға ауылдық округтер командалары қатысып, өз бақтарын сынап көрді.

image-20-03-25-08-01-2

Жарысқа қатысушылар садақ ату, асық ату, ләңгі тебу, гір көтеру және қол күресі түрлерінен сайысқа түсіп шараның көрігін қыздыра түсті.

image-20-03-25-08-01-1

Жарыс нәтижесі бойынша жалпыкомандалық есепте І орынды Шаған ауылдық округінің командасы жеңіп алса, екінші және үшінші орындарды Ақжайық ауылдық округі мен Ақсоғым ауылдық округінің командалары өзара бөлісті.

image-20-03-25-08-01-4

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге диплом, кубоктар, медальдар және ақшалай сыйлықтар табысталды.

image-20-03-25-08-01

Темірболат Тоқмамбетов,
Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале