9.05.2023, 16:34
Оқылды: 54

Теректіде ұлы жеңіс күні тойланды

Жеңіс күні —  абырой мен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік сұм соғыста Жеңіске жеткізді. 9 мамыр —  мереке ғана емес, бұл халықтың батырлығы, бұл жанкештілікпен жеңіске жету жолындағы ерен еңбек.

IMG-20230509-WA0025

Ұлы Жеңістің 78 жылдығына арналған мерекелік шара Теректідегі  «Жеңіс»  алаңында өтті. Жиынға аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова бастаған ел ағалары, еңбек және тыл ардагерлері және аудан тұрғындары қатысты.

IMG-20230509-WA0022

Жиналған  қауым, яғни  аудан әкімі Әлия Биғазықызы, аудандық мәслихат төрағасы Әлжан Нұрғалиев, БҚО қорғаныс істері бойынша департаменттің бастығы, полковник Жақсылық Айтбаев, БҚО мәслихат депутаты Сержан Идиятов,  «Аманат» партиясы Теректі аудандық филиалының  атқарушы хатшысы Мерхат Ибраев, аудандық ардагерлер кеңесінің  төрағасы Білікбай Қазиханов, ауданның құрметті азаматары, бөлім басшылары соғыста қаза болғандарға арнап «Азат етуші жауынгер»  ескерткешіне және Кеңес Одағының батыры Иван Зреловтің ескерткіш-мүсініне гүл  шоқтарын қойды. Мұнан соң  майдан даласында қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.  Одан әрі «Жұлдыз» үлгілі би ансамблі би орындап, аудан өнерпаздары майдан әндерін шырқады.

IMG-20230509-WA0029

Шарадан соң аудан әкімі  ҰОС ардагері Александр  Кушнердің жесірі Людмила Николаевна,  тыл ардагері Карима Сағынғалиева, Теректі ауданының Құрметті азаматы Александр Поповтың үйлеріне барып, хал-жағдайын сұрап, мерекемен құттықтады.

IMG-20230509-WA0049

Айшабибі Мәмет,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале