31.05.2025, 15:08
Оқылды: 278

Теректіде волейболдан мемлекеттік қызметшілер арасында турнир өтіп жатыр

Волейболдан мемлекеттік қызметшілер арасында Теректі ауданы әкімі кубогы ойындары басталды. Мемлекеттік қызметтің абыройы мен ұйымшылдығын насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру және бұқаралық спортты дамыту мақсатында Теректі ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында аудан әкімінің кубогіне арналған волейбол турнирі өтуде.

9392413c-7c0e-4a01-a61b-79c776c0f7fb
Турнирге облыс, қала және аудан әкімдіктері командалары қатысуда. Бұл дода мемлекеттік қызметкерлер арасындағы ынтымақтастықты арттыруға бағытталған.

d8b7a6c1-595e-426e-81cc-60459fe670ef
Шараның ашылу салтанатына Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, БҚО волейбол федерациясының Президенті Т.Каюпов, Теректі ауданының әкімі Ә.Мұханбетжанова қатысып жарысқа қатысушыларғу сәттілік тіледі.

43471363-d11d-4b9f-b0ca-cc4c3e5d28b0
cfb88af0-1809-428d-b28a-8f669ce1b8b4
09f73a87-dfd4-4ee6-be03-b39f698666ad

Теректі аудандық ішкі саясат бөлімі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале