21.03.2025, 14:30
Оқылды: 53

Теректіде ХХІІ кезекті сессиясының отырысы өтті

Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Теректі аудандық мәслихаттың ХХІІ кезекті сессиясының отырысы өтті. Аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова, аудандық мәслихат төрағасы Әлжан Нұрғалиев қатысты.

07ae9c23-bcf0-4307-86fd-b7a11277fe9b
Аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №20-2 «Теректі ауданының 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу және 2025 жылы Теректі ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтері әкімдері аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы шешімінің жобасын қарау туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Гүлмира Сәрсенова баяндады.

2c8a5641-51a9-4321-ab31-959e4234165e

Теректі ауылдық округінің атқарылған жұмыстары туралы ауылдық округ әкімі Армат Рспаев баяндады. Приречный ауылдық округінің атқарылған жұмыстары туралы ауылдық округ әкімі Мейрамбек Жақсыбеков баяндады.

3d354045-2c75-4be0-93d7-6876b3251243

Көктемгі маусымға дайындық шаралары (көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алу) бойынша аудан әкімінің орынбасары Дархан Абдрашитов баяндады. Теректі аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 желтоқсандағы №17-13 «Аудандық құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомоствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудан әкімі аппаратының персоналды басқару бірінғай қызметі және мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Сәкен Идресқалиев баяндады.

137b65a3-7cb8-46a1-9943-29e1728eaa06

Әсет Баян
Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале