6.10.2024, 8:58
Оқылды: 109

Теректіде зейнеткер ел болашағы үшін дауыс берді

Теректі ауданына қарасты Шаған ауылдық округінің орталығы Жаңа Өмір ауылындағы №389 учаскесінде ел ертеңі жолындағы референдумға дауыс берушілер аталған учаскеге алып-ұшып жетіп жатыр. 

IMG-20241006-WA0060

Жауапкершілікпен қарайтын ауыл тұрғындары маңызы орасан референдумға қойылған сауалға салғырттық танытпайды. Керісінше үлкені де, кішісі де бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығар ұйымшылдық танытып жатыр.

Сөзімізге дәлел болуы үшін айта кетейік, елден бұрын асыға жетіп, өз таңдауын жасаған зейнеткер Мұханбетәли Бекжанов:

– Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың көрегенділік танытып, атом электр станциясы хақында елмен ақылдасқаны мені қатты қуантты. Бұл дегеніміз жан-жақты пікір алмасып, өз ойымызды ашық жеткізуге мүмкіндік қой. Дамуға даңғыл жол осылай салынады. Өзім ерте ұйқымнан оянып, өз дауысымды бердім,- деді Мұханбетәли Медетұлы.

Комиссия төрағасы Абай Бақытжан данагөй қарттың тәлімі мол пікіріне риза болып, алғаш дауыс берген қарияға естелік сыйлық берді.

Ақтілек Әлібекұлы

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале