23.08.2024, 12:30
Оқылды: 137

Теректіде «Жайықтан ұшқан ақ шағала» атауымен дөңгелек үстел өтті

Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарының басында қазақ әдебиетіне екі ақын қыз келді. Оның бірі Фариза Оңғарсынова болса, екіншісі Ақұштап Бақтыгереева. Әдебиетте Фаризаны өршіл қолтаңбасы ерекшелесе, Ақұштап ақын поэзияға нәзік лиризмге бай жібек жырлар, суретке толы сырлы өлеңдер алып келді.

D6EA27D5-D238-44F0-8237-281E78AF12E7

Ақұштап Бақтыгерееваның осынау туындыларын насихаттау мақсатында Теректі ауданының Төңкеріс ауылдық мәдениет үйінде «Жайықтан ұшқан ақ шағала» атты дөңгелек үстел өтті.

Ұйымдастырушылар ең алдымен 80 жасқа толып отырған ақынның өмірбаянына кеңінен тоқталды. Одан әрі өлеңдерін оқып, олардың шығу тарихына үңілді.

Айшабибі Мәмет

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале