12.09.2025, 16:00
Оқылды: 399

Теректіде  “Жас сайлаушылар” клубының алғашқы отырысы өтті

Отырысқа Теректі ауданының аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жандос Сұңғатов, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Нұрсұлтан Кәдірғалиев және жас сайлаушылар клубының мүшелері қатысты.

8131221e-7983-4107-80db-5e1c6129d5d7

Теректі ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Арсен Бисенғалиев жастардың саяси сауаттылығын арттыру, сайлау мәдениетін қалыптастыру және еліміздің болашағына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу мақсатында құрылған “Жас сайлаушылар клубы” құрамымен бірінші  кездесуін өткізді. Сайлау комиссия төрағасы аталған клубтың маңызы мен міндеті туралы мәлімет бере отырып, клуб құрамымен таныстырды. Сонымен қатар клубтың төрағасын, орынбасарын және хатшысын сайлады. Талқылау барысында “Жас сайлаушылар клубы” төрағасы болып Н. Кәдірғалиев тағайындалса, орынбасары Н. Ихсанова және хатшы болып Ж. Нұрғалиева бекітілді.

6b8435c2-67c1-4690-9a69-5fce45f673f7

Жиын барысында алдағы уақытқа жоспарлар құрылып, пікірлер талқыға салынып, ұсыныстар айтылды. Отырыстың соңғы бөлігі, еркін пікір алаңында сөз сөйлеген Теректі ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы Жандос Сұңғатов жастардың азаматтық белсенділік танытуының маңызын атап өтіп, бүгінгі кездесуде айтылған ойлардың сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде де көрсетілуін сұрады.

Қаламқас Саясатова,

Теректі ауданы

0c31e95f-4688-4bd4-91e6-1483d91f10b7

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале