27.01.2026, 16:45
Оқылды: 11

Теректіде «Жас сайлаушылар клубының» алғашқы отырысы өтті

Подстепное ауылындағы Мәдениет үйінде Теректі ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Арсен Бисенғалиевтің төрағалығымен «Жас сайлаушылар клубының» алғашқы отырысы өтті.

WhatsApp Image 2026-01-25 at 19.46.02 (1) (1)

Жиынға Теректі ауданының аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері, Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы, «Жас сайлаушылар клубының» мүшелері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі қатысты.

Кездесуді ашқан Арсен Бисенғалиев жастарды жаңа құрылған клубтың мақсат-міндеттерімен таныстырып, оның негізгі бағыты – жастардың саяси сауаттылығын арттыру, сайлау мәдениетін қалыптастыру және азаматтық жауапкершілікті нығайту екенін атап өтті.

Отырыстың күн тәртібіне сәйкес, қатысушыларға «Жас сайлаушылар клубы» туралы мағлұмат беріліп, клубтың міндеттері кеңінен түсіндірілді. Атап айтқанда, жастарға сайлау құқығы жөнінде түсінік беру, саяси сауаттылықты арттыру, пікірталастар мен танымдық іс-шаралар ұйымдастыру, сондай-ақ жастарды қоғамдық өмірге белсенді араласуға ынталандыру мәселелері қозғалды.

Келесі кезекте клуб құрамымен таныстыру рәсімі өтіп, ресми түрде мүшелер таныстырылды. Одан кейін клубтың басшылық құрамын сайлау жүргізіліп, ашық дауыс беру арқылы клуб төрағасы мен төраға орынбасары анықталды. Клуб төрағасы Нұргүл Рамазанқызы сайланса, орынбасары Дастан Алтымбекұлы болды.

Сонымен қатар, «Жас сайлаушылар клубының» алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспары таныстырылып, қатысушылардың қолдауымен бекітілді. Жоспарда жастарға арналған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, пікірталастар, кездесулер мен түрлі танымдық шаралар өткізу көзделген.

Жиын соңында еркін пікір алаңы ұйымдастырылып, жастар сайлауға қатысудың маңызы, азаматтық белсенділік және қазіргі жастардың қоғамдық үдерістерге көзқарасы жөнінде өз ойларымен бөлісті.

WhatsApp Image 2026-01-25 at 19.46.01

Кездесу қорытындысында мұндай шаралар жастардың саяси мәдениетін қалыптастыруға және олардың ел өміріне белсенді араласуына оң ықпал ететіні атап өтілді.

Әдемі Талғатқызы,

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале