Бүгін Теректі ауданы әкімінің орынбасары Қалаубек Теміров 12 тамыз – Халықаралық жастар күні аясында өткізілетін облыстық іс-шаралар мен «Jaiyq jastary» фестиваліне қатысу барысын талқылап, бөлім басшыларымен жиын өткізді.
Теректі ауданынан 1-3 тамыз күндері өтетін Жастар лагеріне бес жас аттанды. Олар ұйымдастырылған әртүрлі спорттық, зияткерлік сайыстарына белсене қатысып, қоржынға жүлде салып та үлгерді. Алда 12 күн бойы тартысты бәсеке, қызықты күндер күтіп тұр.
Биыл фестиваль аталымына «Үздік ғылыми жоба» мен пікірсайыс турнирі қосылды. Қалаубек Баубекұлы осы бағытта аудан намысын қорғайтын жастардың білікті болуын, мығым дайындықпен баруын тапсырды. Өз кезегінде аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың директоры Нұрсұлтан Кәдірғалиев ережелерді түсіндірді.
Ақтілек Әлібек,
Теректі ауданы