Теректі ауданы орталығында аудан әкімінің орынбасары Дархан Абдрашитов, аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қайыржан Есетов, Теректі ауылдық округі әкімі Армат Рспаев қысқы кезеңдегі автомобиль жолдарындағы төтенше жағдайлардың алдын алу немес жою бойынша дайындығын тексерді.
Қысқы дайындық пен алдағы келе жатқан көктем мезгілінде техникалардың әзір, сақадай-сай болуы шарт.
Онымен қоса құмдар мен қаптардың жеткілікті деңгейде болуыда аудан басшылығының басты назарында. Осы орайда аудан әкімінің орынбасары Дархан Ережепұлы сала басшылары мен жауапты мамандарға нақты тапсырма беріп, қажетті құралдар мен арнайы техникалардың кез келген уақытта дайын болуын атап өтті.
Темірболат Тоқмамбетов,
Теректі ауданы