29.10.2018, 15:12
Оқылды: 38

Теректіде жолдау талқыланды

Теректі аудандық Достық үйінде ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бағытында БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғайса Қапақовтың қатысуымен кездесу өтті.

IMG_0030

         Басқосуда Ғ.Қапақов биылғы Жолдаудың өзектілігіне тоқталып, қоғамдық келісім кеңестерінің алдағы уақыттағы жоспары, жастарды қолдау, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру үшін жергілікті атқарушы органдармен бірлесе жұмыстану қажеттігін сөз етті.

         -Елбасының биылғы Жолдауы халықтың әл-ауқатын арттыруға тікелей негізделген. Жолдауда айтылған мәселелердің барлығы өзекті. Экономикасы артқан алдыңғы қатардағы елдердің құрамына енуге таптырмас мүмкіндік. Ол үшін әр қазақстандық өзінен бастауы тиіс. «Үкімет жасап беруі тиіс» деп емес, керісінше, «Мен елімнің дамуына қандай үлес қосып жатырмын?» деп ойлауымыз қажет. Әркім білімін жетілдіріп, шағын кәсіппен айналысуды қолға алса, игі болар еді. Мысалы, сиыр ұстап, сүтін сату арқылы, біріншіден, өзіңіз пайда тапсаңыз, екіншіден, айналаңыздағы тұрғындарды табиғи өніммен қамтисыз. Бір сөзбен айтқанда, әр жан өз әл-ауқатын арттыруға талпынуы тиіс, - деді Ғайса Хамедоллаұлы.

Аягөз АЙТҚАЛИЕВА,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале