11.03.2025, 19:01
Оқылды: 96

Теректіде жұмысшы мамандармен кездесу кеші өтті

Елімізде биыл, яғни 2025 жыл "Жұмысшы мамандықтар жылы" деп жарияланды. Бұл бастама жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыруға, жастарды осы салаға тартуға және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлауға бағытталған. 2025 жылы жұмысшы мамандықтарға қатысты кәсіби білім беру жүйесін жетілдіру жұмыстары да өз жалғасын таппақ.

0e732bd6-bd1f-4d90-b3eb-daf07df47ba6

Жуырда Ақжайық ауылдық мәдениет үйінде мәдениет қызметкерлері және ауылдық округі жастар жетекшісінің ұйымдастыруымен "Еңбек адамы - болашақтың құрылысшысы" атты жұмысшы мамандармен кездесу кеші болып өтті. Бұл кешке өз ойларымен бөлісіп, тың пікірлері мен ақыл - кеңесін айтуға арнайы шақырулы қонақтар келіп қатысты.

e0399f19-8b8a-4872-9001-f6296999cc7b

Атап айтсақ, телекоммуникация саласында 45 жыл қызмет еткен Алмас Жұмабек, тұрмыстық қамту комбинаты және аурухана тазалықшысы саласында 36 жыл қызмет еткен Жаңыл Сапашева, ауыл шаруашылығында көп жылдар бойы көлік жүргізушісі (шофер) болған Амангелді Ғабдуллин және телекоммуникация торабында көп жыл қызмет атқарған Роза Ажимова секілді аға - апаларымыз қатысты. Үлкен еңбек өтілдері бар жұмысшы болған аға - апаларымыз қатысушыларға, жастар мен оқушыларға өз еңбек жолында кездескен қызықты әңгімелерімен, қиын - қыстау кезіндегі жұмыс барысын баяндап, ақыл - ойларымен бөлісті. Сонымен қатар атаулы шараға ауыл округінің жас мамандары да келіп қатысты. Динара Мұратова (Айгөлек бөбекжайының хатшысы), Михаил Музыка (орман шаруашылығы, орман шебері маманы), Раушан Жолдас (орман шаруашылығының инженері), Ақжол Сайын (Ақжайық ЖОББМ- нің электригі), Иса Батыров (№2 аудандық аурухана аға жұмысшысы), Анар Мерғалиева (Айша бөбекжайының тәрбиешісі) өздерінің тәжірибелерімен бөлісті. Бұл жас мамандар да өздерінің еңбекқорлық, кәсібилік қасиеттерді өте жоғары бағалау туралы, өмір жолдарындағы жасаған жұмыстары жайлы қысқаша баяндап берді. Келген қатысушыларға ой - қабілеттік, психологиялық ойындар және тренингтер ұйымдастырылды. Шара барысында мәдениет саласының қызметкерлері қатысушыларға әсем ән шырқап, жүректерге жылы сезім ұялатты. Шара соңында Ақжайық ауылдық мәдениет үйінің директоры Орынша Түсіпқалиева сөз сөйлеп, келген қонақтарға алғыс білдіріп, кәде сыйын тарту етті. Мамандық таңдау - өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Бастысы - адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдау жасаған адам ғана жетістікке жетеді.

Дамир Мурадимов,

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале