29.11.2018, 10:52
Оқылды: 19

Теректіде «Жыл үздігі – 2018» жастар сыйлығы табысталды

Жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында Теректі аудандық Мәдениет үйінде дәстүрге айналған «Жыл үздігі-2018» сыйлығының иегерлері анықталды.

terekti (3)

         Салтанатты шарада аудан әкімі Әділ Жоламанов білім мен өнерді, еңбек пен ізденісті құп көретін жалынды жастарды құттықтады.

          Жастар сыйлығының «Үздік жас ұстаз» аталымы бойынша Гаухар Шарипова, «Үздік жас медицина саласының қызметкері» аталымы бойынша орталық аурухананың бас медбикесі Гүлмира Досаева, «Үздік жас өнерпаз» аталымы бойынша аудандық мәдени-демалыс орталығының хормейстрі, «Өркен» үлгілі балалар вокалдық ансамблінің және «Шежіре» халықтық әжелер ансамблінің жетекшісі Гүлназ Құсайынова марапатталды. Сонымен қатар, «Үздік жас спортшы» аталымына Ақжайық мектебінің 10 сынып оқушысы Гаухар Сембиева, «Үздік мектеп көшбасшысы» аталымына Шаған мектебінің оқушысы Даниал Сағын, «Үздік жас көшбасшы» аталымына Ақсуат ауылдық округінің жастар жетекшісі Ақжан Мерғалиева лайық деп танылды.

         Үздіктерге арнайы дипломдар, гүл шоқтары және бағалы сыйлықтар табысталды.

terekti (1) terekti (2)

Әділет ӘЛІБЕКҰЛЫ,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале