Дәл осындай атаумен Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан республика бойынша балаларға жаңа жылдық құттықтау жолдануда. Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты білім беру ұйымдарында жаңа жылға арналған ертеңгіліктердің ұйымдастырылмайтыны белгілі.
Осы орайда Теректі аудандық білім беру бөлімінің қызметкерлері Аяз ата, Ақшақар және ертегі кейіпкерлерімен бірге балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, үйлеріне барды.
Теректі ауданы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа жылдық құттықтау ашық хатын, Bilimbook mini планшеті мен алты айға тегін қолданатын симкарта, роутер, планшет және тәттілер 87 балаға табысталды. Қасым-Жомарт Кемелұлы жолдаған сыйлықтардың ішінде «Мәңгілік тұлға – ұлы Абай» туралы жинақ кітаптары да бар.
Ауданымыздағы 9 бен 13 жас аралығындағы ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, даму мүмкіндігі шектеулі, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларынан шыққан оқу озаттары мен дарынды балалар Қазақстан Республикасы Президенті атынан ұйымдастырылатын жаңажылдық шыршаға қатысуға ұсынылған еді.
Аягөз Айтқалиева,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz