Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Теректі ауданының әкімі өкімімен Қайрат Досанов Теректі аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы болып тағайындалды.
Қайрат Сатыпалдыұлы Досанов 1983 жылы дүниеге келген. «Қаржы және несие», «Құқықтану» мамандықтары бойынша қос жоғары білім алған.
Еңбек жолын 2004 жылы ауыл шаруашылығы саласында фермерлік қожалық мүшесі болып бастаған. 2014 жылдан беріде құрылыс саласында, басқару қызметінде жұмыс жасады. Жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін Батыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.
Камелия Өтеу,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz