18.03.2020, 16:47
Оқылды: 2

Теректіге асыл тұқымды 40 бұқа әкелінеді

     Жуырда Теректі ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрлан Бердіғалиев жұмыс сапарымен Казталов ауданында болды.

Buka 2

Талдыапан ауылдық округінің Қайша құдық ауылындағы «Мясная индустрия» ЖШС бордақылау алаңында болған ол шаруашылықтың жұмыс тәжірибесіне қанығып, өз ауданымызға пайдасы тиер істі жайғап қайтты.

Buka

– Қазірдің өзінде 5 мың бастай мал бағып отырған «Мясная индустрия» ЖШС-нің асыл тұқымды, тауарлық бұқалары бар. Солардың герефорд және қазақтың ақбас тұқымдары ішінен 40 бас бұқа таңдап алдық. Енді жекедегі малды тұқымдық түрлендіру үшін ауыл шаруашылық кооперативтеріне біріктіріп, табынға асыл тұқымды, етті бағыттағы бұқаларды қосамыз. Қазірдің өзінде Ақжайық, Аңқаты, Ұзынкөл, Шағатай округтері аумағында ұйымдастырылған кооперативтерді кеңейткіміз келеді, – дейді бөлім басшысы.

Атакәсіпті дамытуда жанашыр мамандардың діттегені – қарабайыр мал басын асыл тұқымдыға айналдыру.

Камелия Өтеу

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале