Тасқала аудандық «Екпін» газетінің 85 жылдығына орай облыстық жас ақындар мүшәйрасы ұйымдастырылған еді. Аталмыш аудандағы ресурстық орталықтың ұйытқы болуымен өткен жыр додасына 14 ақын қатысты. Сайып келгенде, әріптесіміз, яғни Теректі аудандық «Теректі жаңалығы» газетінің директор-редакторы Әділет Орынбасаров бірінші орынды (40000 тг ақшалай сыйлық) иеленді.
Ал екінші орын облыстық «Орал өңірінің» тілшісі Марлен Ғилымханға (25000 тг ақшалай сыйлық) бұйырды. Жүлделі үшінші орынды Бірлік ауылдық мектебінің оқушысы Ақбота Орынбай (15000 тг ақшалай сыйлық) қанжығаға байлады.
Басқа да қатысушыларға ұйымдастырушылар тарапынан естелік сыйлық пен алғысхат берілгенін айта кеткен жөн.
Елырыс Елмұрат,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz